Қазан айында күшіне енген ішкі сауда ережелеріне сәйкес, сауда желілері мен маркетплейстердегі отандық өнімдердің үлесіне қатысты талаптар күшейтілді.Бұрын сауда нысанындағы жалпы отандық тауар көлемі 30 пайыз болса жеткілікті саналса, бұл көрсеткішті енді тек бірнеше тауар түрімен ғана толтырып қоюға жол берілмейді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің өкілі арнамызға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «24KZ».
Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Ернұр Тұраққазының айтуынша, жаңа өзгерістер бойынша «кіші санат» ұғымы енгізілді. Яғни, қазір әрбір тауар тобының өзі мысалы, сүт қана емес, ірімшік пен басқа да сүт өнімдерінің түрлері жеке-жеке 30 пайыздық межеге сай болуы тиіс. Бұл шектеулер импортқа тосқауыл қоймайды, керісінше, отандық өндірушілерге салауатты бәсекелестік орта қалыптастырып, бағаның төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ электрондық сауда алаңдарында отандық өнімдер бірінші болып іздеу қатарына шығарылады.
Ережені бұзып, қазақстандық өнімдерге орын бөлуден бас тартқан сауда орындарына қарсы өңірлік департаменттер тарапынан тексерулер жүргізіліп, айыппұлдар қарастырылған.
Ернұр Тұраққазы, Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаменті Сауданы дамыту басқармасының басшысы:
Бұрын отыз пайыз жалпы сауда объектісі бойынша болса жеткілікті болатын, ол жерде тек бір-екі тауармен ғана отыз пайызға толтыруға болатын еді. Енді қазіргі таңда «кіші санат» деген ұғым енгізілді. Ол жерде бір тауардың кіші санаты бойынша отыз пайызға жету керек. Мысал үшін, бұрын тек «сүт» деген атаумен отыз пайызға жететін болса, қазіргі өзгерістер бойынша сүт өнімдерінің ішінде ірімшікті де отыз пайызға толтыру қажет. Сол сияқты кез келген тауар кіші санаты бойынша отыз пайызға толтырылуы көзделген.
Дегенмен, импорттық тауарды сатылымнан толық алып тастау немесе тұтынушының таңдау құқығын шектеу көзделмеген. Егер белгілі бір санат бойынша қазақстандық тауар жеткіліксіз болса, босап қалған кеңістікке басқа өнімдерді орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ сауда желілерінің отандық өндірушілерден алатын сыйақысы заңмен қатаң реттелген. Мысалы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сыйақы алуға мүлде тыйым салынған, ал жалпы шекті мөлшері 5 пайыздан аспауға тиіс,- дейді министрлік өкілі.
Ернұр Тұраққазы, Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаменті Сауданы дамыту басқармасының басшысы:
Тегтер #Сауда және интеграция министрлігі #электронды сауда #Ішкі өнім #отандық тауар #24жаңалықтар #24KZБұл талаптар тұтынушының таңдауын шектемейді, керісінше бәсекелестікке тең жағдай жасайды. Тұтынушы бұрынғыдай өз қалауына, сапасы мен бағасына қарай әртүрлі брендтерді таңдай алады. Ал қойылатын талаптардың сақталуы министрліктің тұрақты бақылауында болады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz