Әлемдік нарықта қара алтын бағасы қайта өсті. Brent маркасының бір баррелі 110 доллардан асты. Америкалық WTI маркасы 99 долларға жуықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Бағаның өсуіне Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар себеп. Кейінгі екі аптада кемелерге кемінде 18 рет шабуыл жасалды. Бұл жағдай мұнай тасымалына қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Сарапшылар жағдай ушыға түссе, қара алтынның баррелі 140 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деп болжайды.
Тегтер #24KZ #қара алтын #мұнай бағасы #әлемдік нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz