RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

21.10.2026, 13:25 37

Құрылтай 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте жасалған Үкіметтер арасындағы екі елдің кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялады.

Құжатты бүгінгі отырыста Қаржы министрі Мәди Тәкиев таныстырды. Келісімде жедел ақпарат алмасу, кеден ісіндегі ынтымақтастық жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ құзыретті органдардың іс-қимылын үйлестіру қарастырылған. “Бүгінде Қазақстан - Өзбекстан шекарасында 11 өткізу пункті жұмыс істейді. Оның 8 автомобиль және 3 теміржол өткізу пункті, деді ведомство басшысы.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

- Тиісті жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жолаушылар мен жүк және автомобиль көлігін өткізу қабілеті бірнеше есеге артты. Келісімді ратификациялау, кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекет аралық өзара сауданы дамытуға ықпал ететін, Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өзара байланысының қосымша институционалдық механизмін жасайды.  

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Статистикаға сәйкес, соңғы екі жылда екі елдің арасындағы тауар айналымы 8 млрд долларға жеткен. Сауда көлемінің өсуі кедендік реттеу мәселесінің өзектілігін арттырып отыр. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, келісім нәтижесінде бизнестің әкімшілік шығындары азаяды. Сонымен қатар кәсіпкерлер басқа елдерде заң тұрғысынан қандай өзгерістер болғанынан да хабардар болып отырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz