Елімізде жалпы құны 78 миллиард долларды құрайтын 215 инвестициялық жоба жүзеге аспақ.
Қомақты қаржы жаңа өндіріс орындарын ашуға, шикізатты терең өңдеуге, фармацевтика, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Мәселен, дәрі-дәрмек өндірісіндегі жаңа бастамалар елімізде 360-қа жуық препараттың түрін шығаруға жол ашады. Ал Екібастұзда қазір деректерді өңдеу орталықтары алқабының алғашқы нысаны салынып жатыр. Бұл жобаның өзіне шамамен 30 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген. Осылайша Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін өркендетіп, шикізаттан дайын өнім шығаруға басымдық беретін жаңа инвестициялық кезең бастау алды. Бұл мақсатта кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау жүйесі қалыптасқан. Осы арқылы құны 32 миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша инвестициялық келісімдерге отыру межесі қойылған. Құжаттар инвесторларға тұрақты жұмыс істеу шарттарына кепілдік бермек. Соңғы бес жылда құны 17 триллион теңгені құрайтын осындай 66 келісім орнатылды.
Тегтер #Қазақстан #инвестиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz