RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Қазақстан мен Швейцария 46 миллион долларлық меморандумға қол қойды

22.10.2026, 09:59 82

Қазақстан мен Швейцария сауда, коммерциялық жылжымайтын мүлік және өндірістік кооперация бағыттарын қамтитын 46 миллион АҚШ долларын құрайтын ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды «24KZ». Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Швейцарияға жасаған жұмыс сапары аясында Цюрихте өткен бизнес-форумда ұйымдастырылды.

Жиынға қазақстандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер делегациясы сондай-ақ Швейцарияның 90-ға жуық компаниясының өкілдері қатысты. 

Сапар барысында екіжақты сауда көрсеткіштерінің өсімі де байқалды. Мәселен, 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,12 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға артты. Министр Арман Шаққалиев Қазақстанның шикізаттық емес өнімдерді сыртқы нарықтарға жеткізу көлемін дәйекті түрде ұлғайтып жатқанын атап өтіп, швейцариялық іскер топтарды қазақстандық тауарлар импортын кеңейтуге шақырды. Өз кезегінде «QazTrade» АҚ бас директоры Н. Құлбатыров елдің сауда-инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланыстарын дамытудағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) әлеуетіне тоқталды.

Сондай-ақ сапар аясында «QazTrade» АҚ мен Біріккен сауда палатасы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек, қазақстандық делегация Швейцарияның экспорттық сақтандыру агенттігі (SERV) және Team Switzerland Infrastructure (TSI) платформасының өкілдерімен кездесіп, швейцариялық компаниялардың Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын, соның ішінде энергия үнемдейтін жылу жүйелері мен сарқынды суларды тазарту нысандарын жаңғыртуға қатысу мәселелерін талқылады. Екіжақты B2B келіссөздері барысында кәсіпкерлер тікелей байланыстар орнатып, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz