Қазақстан мен Ливия ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтіп, қазақстандық астық пен ет тасымалын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ливия Мемлекетінің Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрі Абдул Латиф Мохаммед Аль-Тахер Хоснидің кездесуінде талқыланды.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті жоғары. Соңғы екі жылда астық түсімі 27 миллион тоннадан асса, өткен жылы 15,3 миллион тонна астық экспортталды.
Сонымен қатар қазіргі таңда елімізде 9,3 миллион бас ірі қара және 24,3 миллион бас ұсақ мал бар. Бұл көрсеткіштер мал шаруашылығын дамытуға және отандық ет өнімдерін шетелдік нарықтарға жеткізу көлемін арттыруға қажетті елеулі ресурстық әлеуетті қалыптастырады.
Ливия тарапы да екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және өзара өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ет #астық #ауыл шаруашылығы #мал шаруашылығы #24жаңалықтар #нарық #импортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz