RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Швейцарияда Қазақстанның мәдени-іскерлік орталығы ашылды: отандық өнім шетел нарығына шығады

22.10.2026, 15:38 48

Швейцарияның Шаффхаузен қаласында Қазақстанның мәдени-іскерлік орталығы ашылды. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту мақсатында Eurasia Group компаниясының бастамасымен және Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің қолдауымен құрылды, деп хабарлайды «24KZ».

Оның негізгі міндеттерінің бірі — қазақстандық металлургия, агроөнеркәсіп, тамақ және химия өнеркәсібі өнімдерін Швейцария мен өзге де халықаралық нарықтарға ілгерілету. Сонымен қатар орталық отандық өндірушілер мен шетелдік импорттаушылар арасында тікелей байланыс орнатуға, инвестициялық жобаларды дамытуға және Қазақстанның мәдени мұрасын танытуға бағытталған.

Орталықтың ашылу рәсіміне Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Шаффхаузен кантонының өкілдері, Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі мен «QazTrade» АҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және швейцариялық кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шара барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, технология тарту, өндірісті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Швейцариядағы елшісі Қ. Саржановтың мәліметінше, 2005 жылдан бері Швейцарияның Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 36,5 млрд АҚШ долларынан асқан. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz