2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті.
Еске сала кетейік, 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы екі жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 79%-ға жоғары. Тартылған инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.
Салаға тартылып жатқан қаражат, ең алдымен, су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Бұл ретте халық пен экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар туралы сөз болып отыр. Түптеп келгенде, инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін жақсартуға мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды да көздейді, — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Тегтер #су инфрақұрылымы #экономика #инвестиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz