Өз кәсібін ашып, табыс табуды көздейтін азаматтар үшін алғашқы қадамдарды жасау әдетте қиынға соғады. Идеяны нақты жобаға айналдыру, қаржы көзін табу, қажетті құжаттарды рәсімдеу және бизнесті дұрыс жолға қою – кәсіпкерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осындай кезде кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріп, жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін қолдау тетіктерінің маңызы зор. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар бағдарламалар бар. Соның бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Қордың мақсаты – кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуіне жәрдемдесу және бизнестің өсуіне қолайлы жағдай жасау.
«Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің үш негізгі тетігін қолданады. Біріншісі – несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Екіншісі – кепілдік беру, ал үшіншісі – жеңілдетілген шарттармен несие беру. Бұл кәсіпкерліктің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.
Аталмыш қор жаңадан кәсіп ашуды жоспарлаған азаматтарға да, кәсібін жолға қойған кәсіпкерлерге де қолжетімді. Бағдарлама аясында жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несие көлемі 360 миллион теңгеден, ал жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілері үшін 1 миллиард теңгеден аспауы керек.
Бөлінген қаражатты кәсіпті дамытуға инвестиция салуға, күнделікті шығындарды өтеу үшін айналым қаражатын толықтыруға немесе бұрын алынған несиені қайта қаржыландыруға пайдалануға болады. Осылайша кәсіпкерлер өз жобаларын іске асыруға қажетті қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейте алады.
Бұл туралы «Даму» қорының бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері Дәулет Нұрмұхамбетов былай дейді:
«Даму» қорының кепілдік беру тетігі кәсіпкерлердің банктен несие алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Егер кәсіпкердің бизнес жобасы банк тарапынан мақұлданып, бірақ кепіл мүлкі жеткіліксіз болса, қор несие сомасының белгілі бір бөлігіне кепілдігін бере алады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, кепілдік мөлшері несие сомасының 85 пайызына дейін жетуі мүмкін. Мысалы, кәсіпкер 100 млн теңге несие алса, қор оның 85 млн теңгесіне дейін кепілдігін бере алады. Осылайша кәсіпкерлер қосымша кепіл мүлкін іздемей-ақ, өз бизнесін ашуға, кеңейтуге, дамытуға мүмкіндігін алады».
Айта кетейік, «Даму» қорының қызметі кәсіпкерлікті қаржыландырып қана қоймайды, кәсіпкерлер білікті мамандардан кеңес те ала алады. Арнайы оқу бағдарламаларына қатысуға да мүмкіндіктер қарастырылған.
«Даму» қорының бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері Мархабат Райымбаеваның айтуынша:
Тегтер #24жаңалықтар #Даму қоры #кәсіп #банк #бизнес #несие #субсидия«Қордың Damu.kz ресми сайтында кәсіпкерлерге арналған тегін онлайн-бизнес оқыту курстары қолжетімді. Бұл курстар арқылы кәсіпкерлер бизнес жоспарлау, қаржылық сауаттылық, маркетинг, бизнес басқару және кәсіпкерлік қызметті дамыту бағыттары бойынша білімдерін жетілдіре алады. Оқытудың онлайн форматта жүргізілуі – кәсіпкерлерге кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуға мүмкіндік береді».
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz