RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматы Қазақстандағы сауда айналымының үштен бірін құрады

23.10.2026, 12:37 35

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек және көтерме сауда көлемі артты. Бөлшек сауда айналымы 20 трлн теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті. Ал көтерме сауда көлемі 7%-ға ұлғайып, 40,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды «24KZ».

 ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бөлшек саудадағы өсім жеке кәсіпкерлер сегментінде айқын байқалды. Олардың тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артса, сауда кәсіпорындарында бұл көрсеткіш 2,1%-ды құрады.

Тауар түрлері бойынша азық-түлік саудасы 10,1%-ға өскен. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға артты.

Өңірлер арасында бөлшек сауданың ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі. Қаланың жалпы сауда айналымындағы үлесі 32,8%-ды құрады. Одан кейін Астана қаласы (14,2%), Қарағанды облысы (7%) және Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) тұр.

Көтерме сауда көлемі 40,7 трлн теңгеге жетті

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында көтерме сауда айналымы 40 трлн теңгеден асты. Оның құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Олардың үлесі жалпы көлемнің 80%-ын құрады.

Көтерме сауда айналымында да Алматы көш бастап тұр. Қаланың үлесі 35,1%-ды құрады. Астана қаласының үлесі – 14,5%, Атырау облысыныкі – 13,5%, ал Шымкент қаласының үлесі 6,3% болды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz