2019 жылдан бері ел экономикасы 30 пайызға жуық өсті. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асты, деп хабарлайды 24KZ.
Осылай деген Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалар ел дамуына тың серпін бергенін айтты. Мәселен, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 7 млн баланың есепшотына 2,5 млрд доллар қаржы аударылды. Ал былтыр тұрғын сай саласында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелген. Нақтырақ айтсақ, 20 млн-нан астам шаршы метр баспана бой көтерген. Бұдан өзге азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша біздің аймақта көш бастап тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Біз ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтуге басымдық беріп, баса назар аударып отырмыз. Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-ші орында тұрмыз. Еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі 350 млрд долларға жетіп келе жатыр. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі екінші орын деген сөз. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі айтарлықтай артты, яғни 40 пайызға жетті. Кәсіпкерлеріміз отандық тауар өндірісін ұлғайтып, жаңа іскерлік мәдениет қалыптасуда.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #экономикалық әлеует #реформалар #жетістіктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz