Мемлекет басшысы Алатау қаласында инвестиция мен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру үшін тиімді сот жүйесін құру қажет екенін айтты, деп хабарлайды «24KZ»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ мерзімді тартымдылығы ең алдымен сот төрелігінің сапасына байланысты.
Тегтер #президент #жолдау #Алатау қаласы #24жаңалықтар #24KZ«Инвестиция мен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта қалыптастыруды көздейтін жедел даму қаласы – Алатауды салудың маңызы көпшілікке түсінікті болды деп ойлаймын. Кез келген халықаралық юрисдикцияның ұзақ мерзімді тартымдылығының басты шарты – сот төрелігінің тиімділігі. Сондықтан Алатауда сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ететін сот жүйесін құру қажет. Ағылшынның жалпы құқық үлгісіне негізделген инвестициялық сот коммерциялық дауларды қарайды. Ал арнайы құқықтық режимге қатысты өзге мәселелер Азаматтық соттың құзыретіне беріледі. Үкімет 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгізуге тиіс. Барлық адал әрі абыройлы кәсіпкерлердің инвестициялық мүддесі ең сенімді құқықтық қорғау құралы – Конституциямен кепілдендірілгенін еске салғым келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz