RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

28.10.2026, 15:10 38

Құрылтай «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».

Хаттама ЕАЭО-ның шарттық-құқықтық базасын жетілдіруге, құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға және мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл тетіктерін нақтылауға бағытталған. Құжатта Одақтың ішкі нарығы, техникалық реттеу, қызметтер саудасы мен инвестициялар, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу, ортақ электр энергетикасы нарығы және көліктік бақылау салаларын қамтитын 30-ға жуық түзету көзделген.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтағы кедергілерді бағалау және жою жөніндегі өкілеттіктері нақтыланады. Сондай-ақ техникалық регламенттерді біркелкі қолдану, ортақ электр энергетикасы нарығының жұмысын реттеу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру тетіктері жетілдіріледі.

Бұдан бөлек, мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді өзара тануы қарастырылған. Бұл ЕАЭО елдерінің кәсіпорындарына өзара мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қабылданған заң ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жетілдіруге және интеграциялық рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz