RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

2027 жылдан бастап шағын және микробизнесті тексеруге мораторий енгізіледі

29.10.2026, 09:43 43

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 110 мың теңгеге дейін артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешенін таныстырған вице-министрдің айтуынша, халықтың нақты табысын арттыруды экономиканың орнықты әрі сапалы өсуі және инфляцияның төмендеуі есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ол үшін баға белгілеуді тарифтік саясат аясында кешенді түрде қадағалау шаралар күшейтілетін болады.

Кәсіпкерлікті қолдау саласында ұзақ мерзімді қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және әкімшілік қысымды төмендету тетіктерін қамтитын Орта бизнесті дамыту жоспарын әзірлеу жоспарланды.

Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге  және профилактикалық бақылауға үш жылдық мораторий енгізу  мәселесі қаралады. Бұдан басқа, бизнесті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік  компаниялардың сатып алуларына тарту тәсілдері жетілдіріледі, — деді вице-министр.

Салық саясаты шеңберінде бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары негізінде Салық кодексіне ішінара өзгерістер пакеті қалыптастырылды. Ірі капитал иелері үшін жоғарылатылған мөлшерлеме енгізу мәселесі халықаралық тәжірибені ескере отырып қарастырылатын болады.

Жолдау аясында Мемлекет басшысы инфрақұрылымның «ауқымды құрылысы» бағытын белгіледі. Ол үшін Инфрақұрылымдық даму қоры құрылды»,  — деді Азамат Әмрин.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz