Қазақстандағы банктер бизнесті несиелендіруге белсенді қатысу керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, қазір еліміздегі банктердің активі 75 трлн теңгеден асты. Депозиттердің көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 52 трлн теңгеге жуықтаған. Енді жинақталған осы қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуға жұмсау қажет. Бизнес өкілдеріне қазір қандай мүмкіндік беріліп отыр? Олар қандай қолдау шараларына ие?
Тегтер #банк #несие #бизнес #экономика #актив #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz