RU
Толық нұсқаға өту

Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты

30.10.2026, 09:10 45

Елде су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялау жалғасады. Биыл қаражат көлемі 214,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп.

Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметін субсидиялауға 13,5 млрд теңге бөлінді. Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі шаруалардың шығындарын өтеу мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырған еді. Соның арқасында 702 мың гектардан аса аумақта тың технологиялар қолданыла бастады. 1,1 млрд текше метр су үнемделді. 

Президент Жолдауында ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың маңызын айтты. Өйткені негізгі су ресурстарының 60% дейінгі бөлігі осы салаға тиесілі. Құзырлы министрлік 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиялары қолданылатын аумақты 1,3 млн гектарға жеткізбек. Бұл жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz