RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көлік министрлігі ауыр салмақты автокөліктерге бақылауды күшейтті

30.10.2026, 12:11 41

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында автомобиль жолдарының сапасын арттыру және елдің транзиттік әлеуетін нығайту жөнінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында Көлік министрлігі ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды «24KZ».

Бақылау іс-шаралары елдің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Петропавл», «Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай» және «Қызылорда – Жезқазған» сияқты негізгі көлік дәліздері мен автомобиль жолдарында жүргізіліп жатыр.

Рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып түсетін жүк тасымалының жолын кесуге ерекше назар аударылады. Өйткені көлік құралдарының шамадан тыс жүктелуі жол төсемінің бұзылуын жеделдетіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Сонымен қатар министрлік Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарымен бірлесіп, рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кеткені үшін жауапкершілікті күшейту және ауыр салмақты автокөлік құралдарын бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша заңнамалық шараларды қарастырып жатыр.

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында көліктік бақылауды күшейту және заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады, - делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz