RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

«Бақты – Аягөз» теміржолы 2027 жылы іске қосылады

30.10.2026, 14:34 43

Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелі ашылады. Бұл «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске қосылуы нәтижесінде мүмкін болмақ, деп хабарлайды «24KZ».

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұзындығы 303 шақырым болатын жаңа бағыт Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, жылына 20 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Президент Жолдауында стратегиялық маңызы атап өтілген жобаның құрылысы қазір жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Жер жұмыстарының 92 пайызы аяқталған. Құрылысқа 870-ке жуық арнайы техника мен 1 450 маман жұмылдырылған.

Жыл соңына дейін 70 шақырым рельс-шпал торын төсеу жоспарланған. Ал теміржол желісін толық аяқтап, пайдалануға беру 2027 жылға белгіленген.

Жаңа бағыттың ашылуы Достық және Алтынкөл станцияларындағы жүктемені азайтып, жүк ағындарын тиімді бөлуге жол ашады. Сондай-ақ Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтіп, отандық өнімдерді Қытай нарығына жеткізу көлемін арттыруға ықпал етеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz