RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 2029 жылдың соңына дейін 13,3 ГВт жаңа электр қуаты іске қосылады

30.10.2026, 15:06 38

Қазақстан 2029 жылға дейін 13,3 ГВт энергия өндіруші жаңа нысандарды іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Жылу энергетикасын дамыту басқармасының басшысы Берік Зарлық «24KZ» арнасына берген сұқбатында айтты.

Оның сөзінше, жаңа қуат көздерін іске қосу елдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге, өнеркәсіпті дамытуға және цифрландыру мен жасанды интеллект салаларының қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.

Оның 7,4 гигаваты дәстүрлі энергия стансаларына тиесілі. Ал жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 5,9 гигаватт болады, - деді Берік Зарлық.

Маманның мәліметінше, өткен жылдың қорытындысында Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 123,1 миллиард киловатт-сағатқа жеткен. Ал тұтыну 124,6 миллиард киловатт-сағатты құраған. Энергетикалық жүйеде 254 нысан жұмыс істейді, оның 172-сі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көмір генерациясын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Ұлттық жоба аясында қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңа энергия көздерін салу және жылу электр орталықтарын дамыту көзделген.

Олардың ірілерін атап кететін болсақ, ол Екібастұз қаласындағы ГРЭС-3 құрылысы, Курчатов қаласындағы жылу электр станциясының құрылысы және де Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларындағы жылу электр орталықтарының құрылысы болып табылады, - деді Берік Зарлық.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жұмыстары жалғасады. Спикердің айтуынша, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында олардың электр энергиясын өндірудегі үлесі 8,5 пайызға жеткен. Бұл жоспарланған 7 пайыздық межеден жоғары. Ал 2035 жылдың соңына дейін 8,4 гигаватт жаңа қуат көздерін қосу жоспарланған. 
 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz