Биткоин бағасы кейінгі алты аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. «Цифрлы алтынның» құны – қазір шамамен 77 мың доллар. Эфириум криптовалютасының бағасы 2 200 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды 24KZ.
Нарықтың құлдырауына Binance криптобиржасына жасалған кибершабуыл әсер етті. Компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қаскөйлер әзірлеуші инженердің ноутбугі арқылы жүйеге қол жеткізіп, бірнеше заңсыз транзакция жасаған. Алдын ала есеп бойынша кибершабуылдан келген шығын – 6 млрд доллар. Тергеу жұмыстары аяқталғанша биржа шоттарға қаражатты енгізу және шығару операцияларын тоқтатты.
Тегтер #24KZ #криптовалюта #кибершабуыл #биржа #биткоинPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz