RU
Толық нұсқаға өту

Бір айда алтын 3,8% арзандады

30.10.2026, 21:35 41

Бағалы металдар бағасы қайта түсті. Алтынның троя унциясы 3 979 долларға саудаланды. Бағалы металдың нарқы бір айда 3,8 пайызға құлдырады, деп хабарлайды 24KZ.

Ал күміс 3 пайыз арзандап, троя унциясы 50 долларға сатылды. Платинаның құны да 3 пайыз төмендеп, 1 441 долларға бағаланды. Бағалы металдар бағасының төмендеуіне мұнайдың қымбаттауы себеп. Осы аптада Федералды резерв жүйесі мен Еуропалық орталық банк базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ. Алайда энергетикалық шикізат нарығы реттелмей, инфляцияның ырық берер түрі көрінбейді. Сондықтан сарапшылар желтоқсанда базалық мөлшерлеме көтерлуі мүмкін деп топшылайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz