Қазақстанда 2027 жылы кемінде 20 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл ретте баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар кеңейтіліп, сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді беру тетігі де қарастырылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Марат Жарбуловтың айтуынша, биыл барлық қаржыландыру көзінен 24 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Сегіз айдың қорытындысы бойынша 13,2 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Ал 2027 жылға арналған жоспар – кемінде 20 млн шаршы метр.
Қазір жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарға арналған жалға берілетін үйлер салып жатыр. Бұдан бөлек, «Наурыз», «7-20-25», «Ұмай» және басқа да жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске асырылып келеді, – деді Марат Жарбулов.
Оның мәліметінше, тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша биыл Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында өсім байқалған.
Бұдан бөлек, биыл «Жасыл ипотека» бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Ал «7-20-25» пен «Наурыз» бағдарламасы 2029 жылға дейін ұзартылған. Қазіргі уақытта сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жаңа тетігі де пысықталып жатыр.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #тұрғын үй #ипотека #жеңілдетілген несиеБұл тетік бойынша азаматтарға бастапқы жарнасыз, 20 жылға жылдық 3,1 пайызбен баспана беру жоспарланған. Қазір жоба пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Оны мемлекеттік қолдау тетігі ретінде енгізу үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленуде, – деді басқарма басшысы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz