Қазақстанда ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы – «Эйр-Карго» компаниясы құрылды. Алдағы уақытта оның әуе кемелері паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Алғашқы ұшақ 2026 жылғы қарашада, екіншісі 2027 жылғы наурызда жеткізіледі деп күтілуде. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Жоба Мемлекет басшысының еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр. Ұлттық компания халықаралық жүк әуе тасымалы нарығында қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңартылып, олардың автомобиль және теміржол магистральдарымен байланысы қамтамасыз етіледі.
Көлік саласын цифрландыру үшін «Е-Көлік» бірыңғай зияткерлік платформасы негізінде ақпараттық жүйелер біріктіріліп жатыр. Бұл қағазсыз құжат айналымына көшуге, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу уақытын қысқартуға және жүк ағындарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #эйр карго #жүк ұшағыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz