Арал – Каспий магистралінің құрылысы 2028 жылы аяқталады. Аталған жоба жүктерді жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Үкіметте экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Арал – Каспий магистралінің құрылысы 2026 жылдың тамыз айында басталды. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Бұдан бөлек, жүк ағынының ұлғаюын ескере отырып, «Көкшетау – Петропавл» учаскесін кеңейтуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында бастау жоспарланған.
Автомобиль жолдарының сапасын арттыруға және саланы реформалауға да ерекше назар аударылуда.
Тегтер #Арал – Каспий магистралі #экономика #жүк тасымалдау #24жаңалықтар #24KZМемлекет басшысы жолдардың сапасын бірнеше рет орынды сынға алды. Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздегі барлық автомобиль жолдарына жауапты орган ретінде Көлік министрлігі айқындалды. Жол құрылысының стандарттарын арттыру және осы саладағы барлық қатысушылардың жолдың сапасымен байланысты жауапкершілігін күшейту мақсатында менің төрағалығыммен автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Осы саладағы озық халықаралық тәжірибені зерделеп, жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер әзірлеп, кемшіліктерді жоюға бағытталған барлық қажетті, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын тиісті іс-қимыл жоспарын ұсынамыз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz