Қазақстанда сауда саласындағы артық делдалдарды қысқарту көзделіп отыр.
Бұл бағыттағы талаптар ұлттық стандарттың жаңа редакциясында бекітілді. Құжатқа сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтау, тасымалдау, қаптау және жеткізуге, нақты қызмет көрсететін көтерме жеткізушілер ғана қатыса алады. Тауар бағасына осы жұмыстарға кеткен шығындар үшін қосымша құн қосылады. Ал мұндай қызметті көрсетпей, тауарды тек қайта сатумен айналысатын делдалдар саладан шеттетіледі. Жаңа талап азық-түлік бағасының қалыптасуын ашық етуге, және саудадағы адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған, дейді жауаптылар.
Тегтер #делдал #сауда #24KZ #стандартPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz