Алдағы екі жылда инфляция деңгейі 5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.
Бүгін елордада ((Maqsut Narikbayev)) Мақсұт Нәрікбаев университеті алаңында Ұлттық банк Сараптамалық талдау клубының отырысын өткізді. Оған Ұлттық банк өкілдері, сарапшылар мен академиялық қауымдастық мүшелері қатысты. Жиын аясында Ұлттық банк экономикалық жағдайды талдауға және макроэкономикалық болжамдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін жаңа жүйені таныстырды.
Экономиканың бағытын айқындау үшін әр деректің астарына үңіліп, ықтимал өзгерістердің алдын ала есебін түзу шарт. Бұл мақсатта Ұлттық банк жіті болжам жасауға қауқарлы жаңа жүйені іске қосты. Ол құбылмалы нарық жағдайында экономиканың жай-күйін жан-жақты саралап, ауқымды деректерді тез әрі терең талдауға мүмкіндік береді.
Ақылжан Баймағамбетов, Қазақстан Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары:
- Біз талдауды жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Экономика өзгеріп, онымен бірге жаңа деректер, сын-қатерлер пайда болары анық. Сондықтан болжау жүйесі де олармен қатар дамуы қажет. Инфляцияға келсек, жыл соңына дейін бір таңбалы деңгейде сақталады деген үміттеміз. Қазір барлық күш-жігеріміз осы мақсатқа бағытталған. Ал келесі жылы оның қарқыны бұдан да бәсеңдеуі мүмкін.
Қазір инфляция бағамы 9,2 пайыздық межеде. Келер жылы оны 8 жарым пайызға дейін төмендетіп, 2028 жылға қарай 5 пайыздық көрсеткішке дейін түсіру көзделіп отыр.
Рүстем Оразалин, ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры:
- Үкіметпен бірлесе отырып, барлық күш-жігеріміз экономиканың жағдайын ескере отырып, талдау жасап, модельдерге сүйене отырып, есеп-қисаптарға, болжамдар жасап, сценарийлерді құрып, сосын бағалалардың екпініне әсер ету мақсатымыз. Атқарылатын жұмыс алда көп. Алдағы мақсат – 5 пайыздық дәлізге дейін орта мерзімде жеткізу 2028 жылға дейін. Қабылданып жатқан шаралар кешені жан-жақты.
Осымен жетінші мәрте қолға алынған Сараптамалық-талдау клубының отырысында сарапшылар жасанды интеллект мүмкіндігінің болжам жүргізуге тигізер әсерін талқылап, ақша-несие саясатының түйіткілді мәселелеріне тоқталды.
Авторы Назым Кенжебай
Тегтер #инфляция #Қазақстан экономикасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz