RU
Толық нұсқаға өту

Астанада жаңартылатын энергия көзінің үлесі 2 есе өседі

06.11.2026, 07:00 43

Отандық электр энергетикасындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 8 пайызға жетті. Ал 2030 жылға қарай шамамен екі есе ұлғайту міндеті тұр. Мұны Astana ESG форумында Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Жиынға экология және әлеуметтік салалардағы реттеуші органдардың, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың өкілдері келген. Олар қоршаған ортаны қорғау, еңбек және энергетика қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылады. Енді салада жасанды интеллектіге негізделген цифрлық платформалар мен құрылғыларға басымдық беріле бастайды. Ал әр мекеменің еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарды оқыту тәртібі түбегейлі өзгереді.

Жәнібек Тоқмурзин, AuaSense компаниясының менеджері

- Бізде өзіміздің отандық датчиктеріміз бар. Яғни 9 газға дейін анализ жасайды және 72 сағат алдын ала сізге мәлімет бере алады. Ол қазір қолданыста. Өскемен, Астана, Атырау және Шымкент, Сарыағаш қалаларында орналасқан.

Нұрлан Исекеев, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ҒЗИ меңгерушісі:

- Оқыту мекемелеріне талаптар күшейеді. Осы күнге дейін мекемелерде ешқандай бақылау болған жоқ. Ашады да, оқыта беретін. Ал қазір бәрі цифравизация дейді ғой. Оқыту жүргізілгеннен кейін еңбекте емтихан тапсырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz