Қазақстандық май зауыттары Шанхайда өткен 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) аясында жалпы сомасы 108 миллион АҚШ долларын құрайтын экспорттық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстанның ұлттық павильонында Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мен отандық тоғыз май зауыты өз өнімдерін таныстырды. Қауымдастық өкілдері бұл шараның іскерлік байланыстарды нығайтып, Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге тиімді алаң екенін атап өтті.
Атап айтқанда, соңғы бес маусымда қазақстандық май өнімдерінің экспорт көлемі бес есеге артып, 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша 1,8 миллион тоннадан асқан және экспорттан түскен кіріс 1 миллиард 233 миллион АҚШ долларына жеткен.
Бүгінде отандық өнімдер әлемнің 20-дан астам еліне, соның ішінде Қытай, Орталық Азия, Еуропалық одақ және Таяу Шығыс елдеріне жөнелтіледі. Мұның ішінде Қытай – қазақстандық өнімді импорттаушы ірі елдердің арасында екінші орында тұрған негізгі нарықтардың бірі. Соңғы бес маусымда Қазақстаннан Қытайға экспортталған өсімдік майлары, шрот пен күнжарадан түскен валюталық түсім 385 миллион долларға артып, 438 миллион АҚШ долларына жеткен. Сала мамандарының пікірінше, Қытай нарығындағы жоғары сұраныс пен ауқымды мүмкіндіктер екі ел арасындағы әріптестікті бұдан әрі де дамытуға зор жол ашады.
Тегтер #экспорт #Қытай #Шанхай #отандық өнімдер #сауда нарығы #24жаңалықтар #24KZ #Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығыҚазақстандық май өнімдері Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие. Мұны жыл сайын миллиондаған долларды құрайтын келісімшарттардың жасалуы да растайды. Қытай нарығының ауқымдылығы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Атап айтқанда, биылғы маусымда Қытайдың өсімдік майлары, шрот пен күнжара импортының жалпы көлемі 16 млн тоннаға бағаланып отыр, – деп атап өтті Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры Александр Яшков.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz