Алматы метросының жаңа «Қалқаман» станциясын 1 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, құрылыс-монтаж толық аяқталды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Станция аумағы абаттандырылып, шамамен 400 автотұрақ орны жасалған.
Станцияны 1 желтоқсанға дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл — қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Алдағы үш жылда батыс бағытта тағы үш станция салу қажет, — деді Алматы әкімі.
Алматыда «Қалқаман» бекетінің жобасы 2020 жылы қолға алынып, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды.
Тегтер #Алматы #метро құрылысы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz