Қарағандыда "Jas Kasip – жастар кәсіпте" форумы өтті.
Оған үш жүзге жуық жас қатысты. Кездесу барысында бизнес өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде кеңес берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум – жастардың тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашатын тиімді алаң. Бүгінде Қарағанды облысында 35 жасқа дейінгі 27 мыңнан астам жас жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал шағын және орта бизнес саласында өңірдің 236 мыңға жуық тұрғыны еңбек етеді.
Диас Елемес, жастар ресурстық орталығының сектор жетекшісі:
- Бұл кездесудің мақсаты - осы біздің өңірімізде танымал болып жүрген тұлғалар мен бизнесте дамыған тұлғалармен жастар арасында кездесу ұйымдастыру. Яғни осы студенттер, қаламыздың жастары осындай кездесулерге қатысып, спикерлерден тәлім-тәжірибе алып, әрі қарай ертең өздерінің болашағын қалыптастыру. Яғни осы арқылы бірінші кезекте көбі ақылы сатып алатын дүниені жастарымызға тегін жеткізгіміз келеді.
Тегтер #Қарағанды #жастар форумы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz