RU
Толық нұсқаға өту

Тимур Сүлейменов: экономика өсімінің негізгі драйвері – шикізаттық емес сектор

10.11.2026, 07:50 89

Қазақстан мұнайға ғана байланып қалған жоқ. Қаңтар-қыркүйек аралығында ел экономикасы 4,2 пайызға өсті. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, мұнай өндірудің төмендеуіне қарамастан, шикізаттық емес сектор экономикалық өсімге серпін беріп отыр. 

Жалпы кейінгі 7 жылда елдегі Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 28,9 пайызға жеткен. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 52,9 пайызға артып, 15 мың доллар болды. Бұл кезеңде тауар өндірісі шамамен 40 пайызға жуықтады.

Сондай-ақ құрылыс саласы 2,4 есе, өңдеу өнеркәсібі 41 пайыз, ауыл шаруашылығы 25, тау-кен өнеркәсібі 14 пайызға өсті. Инвестиция көлемі де ұлғайып, негізгі капиталға салған қаржы 66 пайызға жетіп қалды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Экономика өсімінің негізгі драйвері – шикізаттық емес сектор. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салаларында жоғары өсім байқалады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен байланыс қызметтерінде де оң динамика сақталуда.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz