Қазақстан экономикасының өсімі жеделдеді. Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар–қазанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды «24KZ» ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, бұл бағыттағы өсім 5,6%-ға жетті.
Өнеркәсіп өндірісі 3,5%-ға артты. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өсім қарқыны жеделдеп, тоғыз айдағы 8,6%-дан 10 айда 9,3%-ға дейін жетті.
Өңдеу өнеркәсібінде ең жоғары өсім фармацевтика саласында тіркелді. Өндіріс көлемі 50,9%-ға артқан. Дайын металл бұйымдарын өндіру 30,4%-ға, машина жасау 22,2%-ға, химия өнеркәсібі 21,9%-ға өсті. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1%-ға, тамақ өнеркәсібі 13%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 5,4%-ға ұлғайды.
Экономиканың өзге салаларында да оң динамика байқалады. Құрылыс көлемі 13,1%-ға, көлік және қойма қызметтері 7,5%-ға, сауда 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 5,2%-ға өсті. Байланыс саласындағы өсім 4,9%-ды құрады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz