Әлемдік нарықта Brent маркалы қара алтынның бағасы барреліне 90 долларға дейін түсіп, тамыз айының соңынан бергі ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Ал америкалық WTI мұнайы 84 долларға дейін арзандады. Бағаның төмендеуіне АҚШ президентінің Иранға қатысты мәлімдемесі әсер етті. Ол Тегеранға жаңа соққы жасалмайтынын айтты. Осыдан кейін мұнай жеткізілімі тоқтап қалуы мүмкін деген қауіп азайып, инвесторлардың алаңдаушылығы бәсеңдеді. ОПЕК елдері шикізат өндіру көлемін көбейтті. Қазан айында Сауд Арабиясы, Кувейт және Ирак өндіріс көлемін ұлғайтты. Дегенмен сарапшылар Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қиындауы мүмкін деп отыр.
Дереккөз: tradingeconomics.com, oilprice.com
Тегтер #24KZ #мұнай бағасы #әлемдік нарық #қара алтын #арзандадыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz