Дүниежүзілік банк Қазақстанның жасыл даму бастамаларын қолдауға әзір.
Анталия да өтіп жатқан СОР31 халықаралық конференциясы аясында біздің ел көміртегі шығарындыларын азайту стратегиясына қатысты жол картасын таныстырды. Қазақстанның бұл бастамасы Орталық Азиядағы алғашқы кешенді жобалардың бірі. Стратегия 2060 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын барынша қысқартып, көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейді. Жобаны әзірлеуге Дүниежүзілік банк 650 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп, техникалық көмек ұсынған.
Ерділда Таутенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Әрине барлық мәселе қаржыландыруға келіп тіреледі. Сондықтан осы Қазақстанның дайындығы туралы айтып, Дүниежүзілік даму банкілерінің осы бізге жасыл қаржыландыру бойынша өзінің іс-шараларын, жобаларын әкелуге осылай шақыру үндеу жасалды. Сондықтан алдағы уақытта біздің әріптестерімізбен, яғни Даму банкімен бірлесіп біздің елімізде 60-жылға дейін көптеген осындай жасыл қаржы тарту арқылы көміртекті бейтараптандырылған жобалар алдағы уақытта іске асады деп ойлаймын.
Тегтер #Қазақстан #COP31 климаттық саммиті #дүниежүзілік банк #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz