Қазақстанда пестицид өндіретін 3 ірі отандық кәсіпорын бар.
Олардың әлеуеті жылына шамамен 60 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Алайда ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 84 пайызды, ал отандық тауардың үлесі 16 пайыз ғана жетіп отыр. Өндірісті өрістетудің тиімді тетіктері Құрылтай депутаттарының қатысуымен өткен көшпелі отырыста пысықталды. Жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселесіне назар аударылды. Сала министрлігі дерегінше, қазір отандық пестицидтер құнының 60 пайызы субсидияланады. Биыл осы мақсатта жергілікті бюджеттерден 68,7 млрд теңге қарастырылған. Талқылау барысында халық қалаулылары өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, пестицидтердің сапасын бақылау және оларды қауіпсіз қолдану түйткілдерін көтерді. Әсіресе шетелден елге келетін химиялық препараттардың сапасына бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
Мұрат Иргибаев, ҚР Құрылтайының депутаты:
- Бүгінгі көшпелі отырыстың мақсаты – еліміздің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде импортқа тәуелділікті азайту, аграршыларды мемлекеттік қолдау тетіктерін оңтайландыру және қолданылатын пестицидтердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылауға қатысты шараларды әзірлеу. Қазақстанда өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын бірнеше ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Алайда отандық өндірістің болуына қарамастан сала әлі де импорттық шикізатқа тәуелді. Ішкі нарықтың шамамен 80 пайызы шетелден келетін дайын препараттар есебінен қамтамасыз етіледі. Сондықтан бұл мәселе кешенді шешімді қажет етеді.
Тегтер #Қазақстан #пестицид #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz