RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мұнай бағасы құбылып тұр

13.11.2026, 19:10 24

Brent маркалы қара алтын 0,4 пайыз көтеріліп, әр баррелі 96 долларға сатылды. Америкалық WTI фючерсінің құны 0,11 пайыз түсіп, баррелі 88 долларға саудаланды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған АҚШ Президенті Трамптың мәлімдемесі себеп. Ақ үй басшысы енді Иранмен келісім жасасуға мүдделі емес екенін хабарлады. Ал вице-президент Джей Ди Вэнс елдің ішкі мәселесіне басымдық беретінін атап өтті. Иранның да Құрама Штаттардың ыңғайына көнер түрі көрінбейді. Тегеран билігі байытылған уран қорын беруге келіспейді. Дегенмен Парсы шығанағы елдері мұнай тасымалын көбейтіп жатыр. «Экспорттың артуы мұнай бағасының түсуіне әсер етуі мүмкін», – дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz