Қазір 9 пайыздан сәл асады. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлері конгресінде айтылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жиында қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту, капитал нарығын дамыту және жаңа қаржы технологияларын енгізу сияқты мәселелер талқыланды.
Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілгеніне 33 жыл. Осы кезеңде еліміздің қаржы жүйесі түрлі кезеңді басынан өткеріп, түбегейлі өзгерді. Кеңестік жүйеден нарықтық экономикаға көшу оңай болған жоқ. Десе де, ұлттық валюта айналымға еніп, қаржы жүйесі құрылды. Түрлі кезеңдегі дағдарыс пен қиындыққа қарамастан қазіргі ұстанып отырған макроэкономикалық саясат дұрыстығын көрсетті. Ел экономикасын тұрақты етуге мүмкіндік беріп отыр. «Бұл үлкен жетістік», – дейді сала мамандары.
Рүстем Оразалин, ҚР Ұлттық Банк Ақша кредит саясаты департаментінің директоры:
– Жаңа технологиялар келіп жатыр. Көптеген өзгерістер бар, соның барлығын қаржы технологиясында, ұлттық валютамызда сіңіре отырып байыппен ақырындап жүргізу керек. 0233 Міндетіміз инфляцияны ауыздықтау, экономикамыздың орнықты дамуына инвестиция тартуға, қаржыны жұмылдыруға бар күш жұмсалып жатыр. Ол туралы еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ол туралы да айтып өтті. Бұл біздің басымды бағыттарымыз.
Цифрлық активтер индустриясын қалыптастыру бағытында елеулі нәтижеге қол жетті. KASE токендеу платформасын және цифрлық активтерге арналған сауда платформасын іске қосты. Ұлттық криптоқор іске қосылды. Ұлттық Банк алғаш рет ноттарды токенделген форматта шығара бастады. Алдағы уақытта Қаржы министрлігімен бірлесіп, токенделген мемлекеттік облигациялар шығаруды жоспарлап отыр.
Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық Банк Төлем жүйелері департаментінің директоры:
– Қазақстанның қор биржасы өзінің платформасы негізінде жаңа цифрлық активтерді токенделген облигация бағалы қағаз түрлерін инвесторларға ұсынып отыр. Екі жоба жүзеге асты. Оның бірі телеком секторында қызмет ететін жеке компания тарапынан болған токенделген цифрлық форматта шығарылған облигациялар. Екінші Ұлттық банк тұңғыш рет қор биржалық техникалық базасында өзінің ноталарын токендік форматта шығарды. Айналымы 50 млрд теңге 10 млрды токенделген форматта шығарылды.
Айта кетейік, соңғы он жылда халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдерінің көлемі 116 есе артып, 190 трлн теңгеге жетті. Бірыңғай QR жүйесі және банкаралық ақша аударымдарының толық көлемде іске қосылуы барлық банк арасында кедергісіз төлем жасауға мүмкіндік берді. Төрт айдың ішінде жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге жуық 75 млн транзакция жүргізілді.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев
Тегтер #24KZ #Ұлттық банк #Алматы #қаржыгерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz