2026 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі ауыл тұрғындарының ауыз сумен қамтылуын жақсартуға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асырды, деп хабарлайды «24KZ».
Су шаруашылығы комитеті Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы 14 ауылда топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын аяқтады. Нәтижесінде халқының жалпы саны 45,5 мыңнан асатын тұрғынның ауыз су сапасы жақсарды.
Жобалар аясында:
53,6 шақырым жаңа су құбыры тартылды;
62,9 шақырым су құбыры реконструкцияланды;
Су құбыры құрылыстарына арналған алаңдар, таза су резервуарлары мен су көтеру сорғы станциялары салынды.
«Қазіргі уақытта комитет топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінде жалпы саны 443,2 мың адам тұратын 131 елді мекеннің ауыз сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік беретін 14 жоба жүзеге асырылуда», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Нұрбек Серіков.
Тегтер #су ресурстары #экономика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz