Ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі үш жыл ішінде 73%-дан 80%-ға дейін артады. Ол үшін жаңа өндірістерге инвестиция тарту және құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық өнімнің басымдығын қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады.
Жергілікті өндірісті кеңейту үшін жылу оқшаулағыш және керамикалық плиталар, композиттік және қаптау материалдарын шығаруда айтарлықтай әлеует бар.
Тегтер #жолдау 2026 #отандық құрылыс #24жаңалықтар #24KZМемлекет басшысының 2027 жылды Халықтық құрылыс жылы деп жариялауы отандық құрылыс материалдарын, жабдық пен бұйымдар өндірісін дамытуға қосымша серпін береді. Бүгінде ішкі нарықтағы сұраныстың шамамен 73%-ы отандық өнімге тиесілі. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында құрылыс материалдарына деген қажеттілік айқындалып, оларды өндіретін жаңа кәсіпорындарға инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде отандық құрылыс материалдарын негізсіз импорттық өнімдермен алмастыруға жол бермеу шаралары қабылданады, — деді Ерсайын Нағаспаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz