RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда бір айда 172 мыңнан астам көлік тіркеуге қойылды

17.11.2026, 16:36 26

2026 жылғы қазанда Қазақстанда 172,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның басым бөлігі – жеңіл автомобильдер. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Есепті кезеңде 153,8 мың жеңіл, 9,9 мың жүк көлігі, 1,3 мың автобус және 0,8 мың мотоцикл тіркелген. Сонымен қатар 4,6 мың тіркеме мен 1,8 мың өзге де көлік құралы есепке қойылды.

2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6,14 млн бірлікке жетті. Оның 83,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 8,1%-ы – жүк көліктері.

Отын түрлері бойынша көліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Олардың үлесі – 79,9%. Дизель отынын пайдаланатын көліктер 7,5%, аралас отынмен жүретіндері 6,5% болды. Ал газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4%-ды құрады.

Елде электр қуатымен жүретін 43 056 көлік тіркелген. Бұл жалпы автокөлік санының 0,7%-ы. Электромобильдер ең көп шоғырланған өңір – Алматы қаласы. Мұнда 22 065 электр көлігі бар. Астанада – 3 662, Алматы облысында – 3 120, Ақмола облысында 1 805 электромобиль тіркелген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz