RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде бағалы металл қымбаттады

17.11.2026, 18:30 31

Әлемде бағалы металдардың бағасында өсім байқалады. Алтынның нарықтағы құны троя унциясы үшін шамамен 3 867 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды 24KZ.

Күміс 1,5 пайызға қымбаттап, 47 доллар шамасында саудаланып жатыр. Ал платина бағасы унциясына 1 450 долларға жуықтайды. Нарыққа АҚШ долларының әлсіреп, америкалық мемлекеттік облигациялар кірісінің төмендеуі қолдау болды. Бұдан бөлек, қор нарықтарындағы тұрақсыздық пен технологиялық секторда акциялардың жаппай сатылуы инвесторлардың алтынға деген қызығушылығын арттырып отыр. Айта кеткен жөн, бағалы металдар бағасына Азиядағы жоғары сұраныс та оң әсер етті. Мәселен, Үндістанда Дивали мерекесі қарсаңында алтын сатып алушылар көбейді. Ал мерекеден кейін елде үйлену тойларының маусымы басталады. Демек, бағалы металға деген сұраныс одан әрі артуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz