Алтын бағасы 0,2%-ға қымбаттап, троя унциясы 3 мың 730 долларға тұрақтады. Бағалы металды сатып алушылар арасында белсенділік байқалады, деп хабарлайды 24KZ.
Бірақ доллардың нығаюы мен АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатаңдатуы жайлы болжамдар, бағаның одан әрі өсуін тежеп отыр. Өйткені пайыздық мөлшерлемелер өскен шақта алтын сияқты активтерді ұстаудың шығыны артады. Сәйкесінше, инвесторлардың бағалы металға деген қызығушылығы төмендейді. Күміс бағасы да сәл көтерілген. Қазір троя унциясы 45 доллардан саудаланып жатыр. Ал платина құны 1 мың 382 долларға жетті.
Тегтер #24KZ #алтын бағасы #бағалы металл #өсімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz