RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай бағасында өсім байқалады

19.11.2026, 20:30 17

Әлемдік мұнай бағасында аздаған өсім байқалады. Brent маркалы қара алтын бір барреліне 92 доллардан саудаланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ал америкалық WTI құны 83 долларға тұрақталды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қосымша әскери соққы жасау мүмкіндігін қарастырған еді. Инвесторлар осыдан қауіптеніп отыр. Дегенмен геосаяси жағдайдың шиеленісу қаупіне қарамастан, халықаралық мұнай бағасы тамыз айынан бергі ең төменгі көрсеткішке жақын. Ал қараша айының басынан бері 20%-ға төмендеген. Халықаралық энергетикалық агенттік осы тоқсанда әлемдік нарықта мұнай ұсынысы тәулігіне шамамен 2 млн баррельге артық болады деп болжап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz