«Халықтық құрылыс» - ұлт дамуына кең жол ашатын жоба. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Президент биылғы Жолдауда көрініс тапқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасына ерекше тоқталды.
Бұл – құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады деген сөз. Алдымызда тұрған құрылыс жоспары – шын мәнінде, оның ауқымы тұрғысынан алып қарасақ, айбынды әрі бірегей, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің барлық аймағында емхана, аурухана, балабақша, мектеп, мәдениет және спорт ғимараттары, яғни халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған аса маңызды әлеуметтік нысандар бой көтереді.Сонымен қатар сапалы жолдар төселіп, атом, су, электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары салынады.
Осылайша, мемлекетіміздің тұрпаты мен келбеті, экономикамыздың құрылымы айтарлықтай өзгеретініне күмән жоқ. Бір мезетте бүкіл саланы және барлық аймақты қамтитын дәл осындай өте ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын сіздер жақсы білесіздер, — деді Президент.
«Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады.
Тегтер #халықтық құрылыс #президент #24жаңалықтар #24KZ«Түптеп келгенде, «Халықтық құрылыстың» игілігі мен жақсылығын Қазақстанның әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ өкілдері көреді. Сондықтан біз «Құрылыс және тағы да құрылыс» сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін», — деді Мемлекет басшысы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz