RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Ақорда

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамыту қажет - Президент

20.11.2026, 16:18 20

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән беру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Соңғы үш жылда елімізде азық-түлік өндірісі 15 пайызға жуық өсті. Соның ішінде өсімдік майын өндіру көлемі 36 пайызға, ал ет және сүт өнімдерін өндіру 25 пайызға артты. Бұл – жақсы көрсеткіш, — деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән беру қажет.

Енді осы қарқынды сақтап, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін барынша күшейту қажет. Тағам өнеркәсібі саласындағы жобаларды жедел саралап, жүзеге асыру керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жобалар азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ жаңа өндіріс нысандарын инженерлік желілерге уақтылы қосу өзекті мәселе болып отыр.

Президент Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, осы салаға қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібін әзірлеуге тиіс екенін тапсырды. Сонымен бірге оның нақты жолдарын, қаржыландыру көздерін анықтап, мерзімдерін бекіту маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz