Ақмолалық диқандар биыл рекордты көлемде егін жинады.
Қамбаға 6 млн 300 мың тонна өнім құйылса, соның 800 мың тоннадан астамы майлы дақылдар. Келесі жылы осы майлы дақылдар алқабын 1 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланыпп отыр. Жалпы соңғы 3 жылда егістіктікті әртараптандыруға байланысты майлы дақылдар алқабы 4 есе ұлғайды.
Алты айғы еңбегін ысырап етпей қамбаға құйып алған шаруалардың бірі Еркін Кәкімов. Ол биыл 3 мың гектар алқапқа дән сепкен. Содан 4,5 мың тонна өнім жинағанын айтады. Астықтың орташа өнімділігі гектарына 15 центнер. Биыл шаруа майлы дақылдарға ерекше басымдық берген. Яғни егіс алқыбының тең жартысына күнбағыс пен зығыр еккен.
Еркін Кәкімов, шаруа:
- Неге майлы дақылдарға басымдық бердік? Өйткені қазір өнім осы түрлеріне сұраныс жоғары. Бағасы да бидайдан едәуір қымбат. Бұдан бөлек ауа райының өзгеруі де себеп. Себебі бізде көктем кейде көктем ерте басталып, күз ерте түседі. Дәнді дақылдар пісіп, жетілмей қалады. Сондықтан майлы дақылдарға басымдық беріп отырмыз.
Мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетілетін қолдау тетіктері жыл санап артып келеді. Мәселен, биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 300 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 80 млрд.теңгеге артық. Қомақты қаржыға шаруашылар уақытылы тыңайтқыш пен жанар-жағармай алып, техника базасын жаңартады.
Еркін Кәкімов, шаруа:
- Біз жыл сайын техникаларды жаңартып тұруға тырысамыз. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың көмегі орасан деуге болады. Жеңілдетілген лизинг арқылы осы жылы да бірнеше техника алдық. Жалпы биыл біз мемлекеттік қолдауды алғашқылардың бірі болып алдық. Өте ыңғайлы. Барлық жұмысты уақытында әрі сапалы орындауға мүмкіндік берді.
Ренат Қасенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Агроөнеркәсіп кешеніне Үкімет тарапынан 322 млрд теңге бөлінді. Бұл барлық ауыл шаруашылықтарына қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Астықтың биылғы сапасы өткен жылмен салыстырғанда өте жоғары. Элеваторға түскен астықтың 90 пайызы, бидайдың 90 пайызы үшінші классқа жатады.
Жалпы мұндай қолдау шаралары тек егіншілік емес, мал шаруашығымен айналысатындарға да қарастырылған. Мәселен, соңғы үш жылда 600-ден астам шаруа жеңілдетілген несие алды. Оған 6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі екі есе өсіп, 1 трлн теңгеге жетті.
Авторлары Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный
Тегтер #Ақмола облысы #рекорд #егін #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz