Жамбыл облысындағы Күйік асуында жол жөндеу жұмыстарына арналған материалдардың құны негізсіз көтерілген. Прокуратура тексерісінен кейін мемлекет бюджетіне 191,3 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Жамбыл көлік прокуратурасы «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының Күйік асуы арқылы өтетін учаскесін жөндеу барысын тексерген. Нәтижесінде жол жамылғысын нығайтуға арналған геотордың бағасы сметада негізсіз қымбат көрсетілгені анықталды.
Атап айтқанда, материалдың нормативтік бағасы шаршы метріне 2 579 теңге болғанымен, сметаға 3 544 теңгеден енгізілген. Соның салдарынан жұмыс құны 185,9 млн теңгеге артқан.
Прокуратураның араласуынан кейін қосылған құн салығын қоса есептегенде, бюджетке 191,3 млн теңге қайтарылды.
Қазір жол жөндеу жұмыстарының заңдылығы мен сапасы прокуратураның бақылауында
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Жамбыл облысы #Бас көлік прокуратурасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz