Қазақстандағы мобильді интернет әлемдік орташа деңгейден үш есе арзан. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды «24KZ».
Министрдің мәліметінше, қарашадағы рейтингте Қазақстан интернеті жылдам 55 елдің арасында мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан 7-ші орында тұр. Елімізде мобильді байланыстың орташа тарифі айына шамамен $10. Əлемдік орташа көрсеткіш – $27.
Бұл ретте интернет-трафик көлемі өсіп келеді. Байланыс жылдамдығын арттырып, 5G желісін кеңейту үшін операторлар желіге инвестиция салуы керек.
Тегтер #үкімет #мобильді интернет #24жаңалықтар #24KZБалансты сақтау маңызды. Тарифтер халыққа қолжетімді, ал байланыс саласы инвесторлар үшін тартымды болып қалуы тиіс, - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz