RU
Толық нұсқаға өту
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстан Орталық Азиядағы төрт спутниктік операторды қабылдайтын бірінші ел болмақ

24.11.2026, 10:18 2

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында спутниктік байланыстың дамуы, көлік және туристік нысандардың интернетке қосылуы, сондай-ақ Қазақстан арқылы деректерді берудің транзиттік маршруттарының кеңеюі туралы баяндады, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу қиын шалғай ауылдарды қосу үшін спутниктік интернет дамып келеді. OneWeb және Starlink операторларына лицензия берілді. Сонымен қатар, Beeline және Starlink Mobile-мен бірге Direct-to-Cell технологиясы іске қосылды. Бұл хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді және спутник арқылы смартфонмен интернетке базалық деңгейде қосылуды қамтамасыз етеді. Android-та ол қазірдің өзінде қол жетімді, iOS үшін әлі әзірленуде.

Келесі жылы Қазақстан нарығына Shanghai Spacecom Satellite Technology және Amazon LEO шығады деп күтіп отырмыз. Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы барлық төрт спутниктік оператор ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жерүсті стансаларын орналастырған бірінші ел болмақ, — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.


Спутниктік интернет көлік және туристік нысандарда да қосылмақ. Мәселен, Air Astana бір ұшағын OneWeb көмегімен осындай интернетпен жабдықтады. Келесі жылы тағы 20 бортқа орнатуды жоспарлап отыр. Starlink арқылы Wi-Fi қазірдің өзінде 1,5 мың ҚТЖ жолаушылар вагонында жұмыс істеп тұр. Биыл 10 танымал туристік орынға  интернет қосылды, келесі жылы тағы 50-ін қосу жоспарлануда. Барлық шекаралық өткізу пункттері интернетпен, оның ішінде талшықты-оптикалық желілер мен спутниктік желілер арқылы қамтамасыз етілген.

Қазақстанда Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды, ол Еуропа мен Азия арасында интернет-трафикті берудің қосымша бағытын құрады. Оның тұрақтылығын арттыру үшін Каспий теңізінің түбінде резервтік арна салу керек. Сонымен қатар, Қорғастан Ақтауға дейінгі "Батыс – Шығыс" гипермагистралі салынуда: маршруттың 87%-ы салынды, келесі жылы жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл магистральдар Қазақстан арқылы транзитті ұлғайтады, деректерді берудегі кідірістерді азайтады және халықаралық компанияларды "Деректерді өңдеу орталығы алқабына" тартуға көмектеседі, — деді министр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz