2027 жылы елімізде 1 мыңнан астам 4G базалық станса және 628 5G стансасын салу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар мобильді байланыс желісінің қамту аясын кеңейтуге, интернет сапасын арттыруға және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Kcell компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакин мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Соңғы екі жылда оператор 1,3 мыңнан астам 5G базалық стансасын және 2,7 мыңнан астам 4G стансасын салған. Биыл байланыспен қамтамасыз ету міндеттемелері аясында қамтылуы тиіс 611 ауылдық елді мекеннің 566-сы 4G желісіне қосылды. Қалған 45 ауылды жыл соңына дейін қосу жоспарлануда.
«2027 жылы тағы 1 060 4G мен 628 5G стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 45 млрд теңге инвестиция бағытталады»,— деді Асқар Жамбакин.
Сондай-ақ Астана – Көкшетау және Астана – Қарағанды бағыттары байланыспен толық қамтылды. Астана – Павлодар және Шымкент – Түркістан бағыттарындағы жұмыстарды аяқтау үшін 1 қаңтарға дейін тағы үш базалық стансаны іске қосу жоспарланып отыр.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #станса #5G #4G #Асқар Жамбакин #KcellPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz